Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Шығанақ ауылдық клубында «Бармағынан бал тамған әже» атты онлайн қолөнер көрмесі өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Көрме қолөнер шеберлерін қолдау, оларды бір-бірінен үлгі алып, тәжірибе алмастыру, сонымен қатар, халық мұрасын ұлықтап, қайталанбас мәдениетті дәріптеу мақсатында ұймдастырылып отыр.
Аталған көрмеде Шығанақ ауылының тұрғыны Назым Боранбаева апамыздың қолөнерлері ұсынылды.
Назым апа айтуынша ісмерлік, оның ішінде құрақ құрау әр қазақ қызының қолынан келеді. Күн сайын қағаз бен матадан қиылған қиындылар, құрақ құрау, қайта сөгу, келесі күні тағы қайталау оны жалықтырған емес. Бір-бірімен қабыса кеткен құрақтар көздің жауын алатын тамаша дүниеге айналуда. Оның мақсаты – құрақтың заманауи түрін жасау. Ең бастысы, елдің құрақ құрау өнеріне қызығушылығын ояту. Ісмер әже оюын тек көрпешеге ғана емес, төсек жапқыштарына, бесік жабдықтарына орайын келтіріп пайдаланып келеді. Бұл туындысы да көпшілік сұранысына ие. Назым апаның бұл шеберлігі кейінгі жас қыз-келіншектердің қызығушылығын арттырары сөзсіз.