Жайылма ауылында кірпіш шығаратын шағын цех ашылды

0 51

Сарысуда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік дамып, шаруасын жаңадан бастап, үй ауласындағы жерді тиімді пайдаланып өз кәсіптерін дөңгелетіп жатқан жандар жетерлік. Соның бірі —  Жайылма ауылының тұрғыны Бекмұрат Амангелдіұлы. Ол кірпіш шығаратын шағын цех ашып, кәсібін дөңгелертіп отыр, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

— Өзімнің алған мамандығым инженер-механик. Қалада біраз уақыт қызмет атқардым. Бұл цехты ашпас бұрын көп іздендім. Сөйтіп ауылдың бос жігіттерін жұмысқа тартып, еңбекке баулығым келді. Ойлаған ісім жүзеге асты. Осы цех ашылғанына екі аптадай уақыт болды. Күнделікті төрт мың кірпіш шығарып жатырмыз. Кірпіштің көлемі 25х12, ені 7. Кейін ол қатты қысымның әсерінен қалыпқа келіп, кесіледі. Тек содан соң кептіріледі. Қарамағымда 4 адам жұмыс жасайды, күнделікті табысы 5 мың теңге. Қазір ауылдың өзінен 25 мың кірпішке тапсырыс түсті. Бір кірпіштің бағасы қолжетімді. Ең бастысы кірпіштің сапасы жақсы болса болғаны. Өйткені жұмыстың көрсеткіші мен сұраныстардың зор болуы соған қатысты болмақ. Жалпы бұл ауылда ашылып отырған бірегей цех болып отыр. Ауылымызда осыдан 50 жыл бұрын кірпіш шығаратын цех болған екен. Тоқырау жылдарында бұзылып кетіпті. Міне, бүгінгі таңда осы жобаны қолға алдық. Алдағы жоспарым — мемлекет және жергіліктті әкімшілік тарапынан қолдаулар болса, бұл цехты үлкейтіп, пеш салып, қызыл кірпіш шығарып, Қазақстанның әрбір өңірлеріне жіберсек деген ойымыз бар. Қазір облыста тұрғызылып жатқан құрылыс нысандары көп. Сол себепті өніміміз жоғарғы сұранысқа ие болады деген үміттеміз! — деді кәсіпкер Бекмұрат Амангелдіұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.