Бармағынан бал тамған Раушан әже

0 32

Мойынқұм аудандық мәдениет үйіне қарасты Бірлік ауылдық клубында «Бармағынан бал тамған әжелер» тақырыбында онлайн көрме ұйымдастырылды. Көрмеде «Сыр — саңдық» әжелер ансамблінің жетекшісі Раушан Жетібаева апаның қолынан шыққан ұлттық нақыштағы қолөнер жабдықтары ұсынылды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

— Сұлулықты сөзбен де жеткізуге болады. Алайда, сурет арқылы, қолөнер құдіретімен санаға сіңіру әлдеқайда әсерлі болады, — дейді қолданбалы өнердің қыр-сырын мейлінше меңгерген әже.


Бүгінде көздің жауын алар туындылардың жасалу технологиясына әженің немерелері де қанық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.