БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ КОРОНАВИРУС ІНДЕТІМЕН КҮРЕС

0 8

Қазіргі таңда коронавирус індетімен күресудің бірден – бір жолы вакцина алу болып табылады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алуымыз керек. Бүгінгі таңда індеттің өршуі жай ғана мәселе емес, біздің шешуіміз тиісті үлкен маңызды міндет болып отыр.

Аурудың тарауы арқылы азаматтарымыздың денсаулығына зиян келіп, өлім жағдайына дейін тіркелуіне жеткізді.

Сондықтан салғырт қарауға болмайды. Сақтансаң ғана сақтаймын деген нақылды естен шығармайық ағайындар!

Қазіргі өшіріген індетке қарсы тұрудың жолы вакцинация. Яғни екпе алу арқылы тек өз өміріңді ғана емес, жақыныңа жанашыр бола аласың.

Аудан тұрғындарының баршасына вакцина салдыруға шақырамын. Бұл өзіңізді, ата-аналарыңыз бен жақындарыңызды қорғау үшін қажет.

Бүгінде індеттің таралуы бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Оған қоса бизнес өкілдері індеттен әбден қажып, сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Бұл жағдайлар індеттің бетін ушықтыра түсуде.

Осы ретте Сарысу ауданындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарына санитарлық талаптардың сақталуына байланысты үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар аудан көлемінде мониторингтік топ мүшелері коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына қарсы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылау жүргізуде.

Жүргізілген рейд жұмыстары барысында аудан орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандар араланып, кәсіпкерлерге ескертулер жасалуда.

Цифрлық шешімдерді жедел қолдану карантин жағдайындағы шектеулер кезінде халықтың қарым-қатынасын реттеуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте, ASHYQ жобасының аясын ұлғайтуымыз керек. Сондықтан бұл жұмыс төңірегінде бақылау күн тәртібінен түспейтін болады.

 

Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.