Мойынқұмда карантин режимінің сақталу барысын саралау үшін мониторингі топ мүшелері аудан көлемінде орналасқан сауда орындарына, қоғамдық тамақтану орындарына, халық көп жиналатын пошта, банк, халыққа қызмет көрсету орталығы тәрізді мекемелерге рейд жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде, 2021 жылдың басынан бері талап бұзған 28 адамға хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Соңғы шілде-тамыз айларында Мойынқұм ауылы бойынша С., Т. , Биназар ауылынан И., М., А., Р., М., О., Шығанақ ауылынан Д., Н., Мирный ауылынан М., Ақсүйек ауылынан А., Жамбыл ауылынан К., атты азаматтар карантин ережелерін бұзғандығы үшін айыппұл арқалады.
Халыққа ара қашықтықты сақтаудың, бетперде тағып жүрудің маңызы түсіндірілуде. Режимдерді сақтаудың біреу үшін емес, әркім өз денсаулығы үшін керек екендігін түсінетін уақыт жетті. Бетперде тағу, ара қашықтық сақтау арқылы егер ол өзі ауырса жақыныңа жанашыр болатыны, ал басқа адам ауырып тұрса өзін қорғайтыны туралы маңызды кеңестер беріліп келеді.
Сондай-ақ, қазіргі таңда «Ашық» жобасы барлық жерде орнатылған. Ауырып, болмаса ауырған тұлғамен қарым-қатынаста болған адамдар 14 күн үй карантинінде отыру керектігі баршамызға мәлім. Алайда, ауырса да, қарым қатынаста болса да үй карантин ережелерін сақтамай қоғамдық орындарда қыдырып жүретін адамдарды «Ашық» бағдарламасы «қызыл» немесе «сары» мәртебелі жолақтан анықтаса, оларда сөзсіз айыппұл арқалайтынын қатты ескертеміз. Себебі бұл тұлғалар автоматты түрде енгізіліп, 14 күн бойы тұрады.
Айман ЕЛЕУОВА,
Мойынқұм аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.