Талас ауданындағы Тамды аулының тұрғындары түгелдей екпе алған

0 3

Талас ауданының Берікқара, Көктал, Тамды ауылдарының тұрғындары түгелдей екпе алды. Бүгінгі күнге дейін аталған ауылдық округтерде жоспардағы 1696 адамның орнына 1735 адам вакцина салдырған, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бірінші кезекте екпе алуды мектеп мұғалімдері бастап, кейіннен екпе алуға жататын өз отбасы мүшелерін вакцинациялануға алып келген.

Екінші кезеңде орталық аурухана вакциналарды Тамды ауылдық дәрігерлік амбулаториясына беріп, сондағы дәрігерлер өзге салада қызмет ететін ауыл тұрғындары мен жұмыссыз тұрғындарға вакцина салған.

Үшінші кезеңде ауыл дәрігерлері мен мейірбикелері әр үйге барып, отбасы мүшелерінің рұқсатымен екпе салды.

Төртінші кезеңде медицина қызметкерлері шалғайда отырған шаруа қожалықтарды аралап, шаруа қожалық иесі мен малшылардың да вакцина қабылдауына жағдай жасап қайтқан.

Талас ауданында алғашқы күндерге қарағанда қазіргі кезеңде адамдардың екпе алуға деген құлшынысы артып отыр. Вакцинаның пайдасы болмаса, зияны жоқ екенін көзі қарақты жандар жақсы түсінуде.

Жалпы Тамды, Берікқара, Көктал ауылдық округтерінде 4688 адам тұрса, оның 1696-сы вакцина қабылдауға жататындар есебінде тұр. Қалғандары емізулі баласы бар, аяғы ауыр, дәріге аллергиясы бар, 65 жастан асқан қариялар мен 1 жас пен 18 жас аралығындағы жандар.

100 пайыз екпе алған ауыл тұрғындарына алғашында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жаднамалар таратылған. Еңбек еш кетпей ауыл тұрғындарының вакцина салдыруға деген ынтасы оянып, көпшілік арасында оң пікір қалыптасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.