Қордайдағы Жаңатұрмыс, Гвардейский, Мұзбел және Сұлутөр ауылының тұрғындары жаппай екпе алып, 100 пайыз ауыл тұрғындарына вакцина салынған, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.
Осылайша індеттің алдын алудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында тамыз айында аудан әкімдігі жанынан құрылған агитациялық топтың жұмысы өз нәтижесін беруде.
Құрамында түрлі сала өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары бар агитациялық топ мүшелері екі апта көлемінде демалыссыз ауыл тұрғындарына екпе алудың маңыздылығын түсіндіруде.