Таластық жерлестеріміз жүлделі оралды

0 14

5-13 тамыз аралығында Қостанай қаласында ересектер арасында 64 және 100 шаршылы дойбыдан ҚР командалық чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне 9 команда қатысып, дойбының классикалық түрінен бақ сынады. Республика дойбышыларының басын біріктірген додада таластық жерлестеріміз бақ сынап жүлделі оралды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Дойбы тарихы мұхиттай терең, әрі тұңғиық! Бұл ойынды атақты ғалымдар, патшалар тіпті философтарда ойлау қабілеттерін дамыту үшін үнемі ойнап отырған. Ғалымдар дойбы ойыны адамның ойлау қабілетін, тактикасын, зияткерлік және стратегиялық шешім қабылдау қабілеттерін дамытатындығын дәлелдеген!

Тіпті, Ұлы Абайдың немересі Әрхам Ысқақовтың дойбыдан Қазақстанның бірінші чемпионы болғанын жұрттың барлығы біле бермейді. Қазақстанның бірінші чемпионаты 1935 жылы өтіп, оған 12 ойыншы қатысып Әрхам Ысқақов чемпион болған. Әрхам Кәкітайұлы 1949 жылы өткен республика біріншілігінде екінші рет чемпион болыпты. 

Міне сол уақыттан бастап, Қазақстан халықаралық аренаға шығып дойбының 64 және 100 шаршылы түрінен, 64 шаршыдағы халықаралық дойбыдан (бразильдік түрі) ел біріншілігін жыл сайын өткізіп келеді.

Жарысқа қатысқан жерлестеріміз Бауыржан Жүнісов, Батырхан Төмешбай, Айбике Берік, Жәнібек Амангелді, Айсұлтан Абулхан, Арай Мейірбек жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды. Команданың барлық спортшылары Талас ауданындағы №31 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіннің түлектері болып табылады. Команданың бас бапкері Берік Пшанов және Жамбыл облысы Дойбы федерациясының президенті Жаухар Дауренбекова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.