ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮЗДІК ӘКІМ АНЫҚТАЛДЫ

0 0

ZHAMBYLNEWS — «ҮЗДІК АУЫЛ ӘКІМІ» республикалық конкурсының Жамбыл облысында өңірлік деңгейдегі комиссиясының отырысы онлайн форматта «ZOOM» қосымшасы арқылы өткізілді.

Аталған конкурсқа Жамбыл облысының 10 ауданынан 14 ауылдық округ әкімдері өз құжаттарын тапсырып, оның ішінде 5 ауыл әкімдері әңгімелесуге жіберілген болатын.

Атап айтқанда, Байзақ ауданы Түймекент, Жамбыл ауданы Полатқосшы, Жуалы ауданы Жетітөбе, Қордай ауданы Жамбыл, Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Өңірлік конкурстық комиссиясының отырысында ауылдық округ әкімдерімен жеке әңгімелесу жүргізіліп, олардың жобалық жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді бағалау сияқты іріктеу кезеңдерінен өтті.

Қортындылай келе, ауылдық округ әкімдерінің арасынан I кезең өңірлік конкурсының нәтижесінде жеңімпазы болып Жамбыл ауданы, Полатқосшы ауылдық округі әкімі Ержан Данаев танылып, республикалық кезеңде Жамбыл облысының атынан қатысатын болады.

Атап өту қажет, аталған конкурстың мақсаты – жұмыста жоғары тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан үздік ауыл әкімдерін анықтау және оларды көтермелеу болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.