Байзақта орын алған оқиғаға байланысты келесі ақпаратты хабарлаймыз

0 1

Өңірдің төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері барынша жұмылдырылды. Қазіргі таңда жарылыс тоқтады. Жағдай тұрақты, бақылауда.

Аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:

109 телефон нөмірі;

8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

Сонымен қатар, 8(7262) 51-41-67, 8(7262) 51-37-75 телефон нөмірлері арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Апат орын алған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, жалпы алғанда 10 мектеп пен 5 колледж ғимараттарынан 400-ден астам орын дайындалған.

Қосымша 1000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Жедел медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 3 медициналық авиациялық бригада тартылған. Оның ішінде 1 бригада Тараз қаласындағы N5 мектепте кезекшілік етеді, Тараз политехникалық колледжінде 1 бригада, онда Байзақ ауданы, Базарбай ауылынан бұған дейін 226 адам эвакуацияланған болатын.

27-тамыз 10.00 сағаттағы жағдай бойынша эвакуация орталықтарында жалпы 29 адам қалып отыр, оларға қажетті жағдай жасалып, таңғы ас берілді.

Жағдайға байланысты бүгін барлығы өз қалауларымен тұрғылықты мекен жайларына оралатын болады.

Травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және басқаларды қосқанда 32 дәрігер, 56 фельдшер қызмет атқаруда. Олар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.

Барлығы 88 адамға медициналық көмек көрсетілсе, 27-тамыз 10.00 сағаттағы жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдауда, оның ішінде 6 адам орташа ауыр халде. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жамбыл облысының бірыңғай диспетчерлік 109 қызметіне барлығы 473 өтініш келіп түскен. «109» қысқа номеріне – 265 өтініш, «What’s app» мессенджеріне – 190 өтініш келіптүскен.

Төмендегі мәселелер бойынша өтініштер келіп түсуде:

Тұрғындардың эвакуациялануы бойынша;

Әскери бөлімдегі қойманың жағдайы бойынша және т.б.

Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.