РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ЖАСТАРҒА ЖАРҚЫН ЖОЛ

0 4

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аймағымызда әртүрлі салада көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Солардың бірі Т.Рысқұлов ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Ақыртөбе ауылдық округі бойынша жастар ісі жөніндегі инспекторы З.Ортаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру жолында» атты кездесу өтті.

Кездесу барысында жастарды прагматик, елжанды азамат болуға шақырып, бағдарламаның мәні мен мазмұны, оған жастардың қосатын үлесі кеңінен айтылды.

Сонымен қатар, жастардың танымдық білімдерін арттыратын, салт-дәстүріміз бен тарихымыздан сыр шертетін кітаптардан көрме қойылып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Шара соңында студенттер кездесуден пайдалы ақпарат алғандарын, соған сәйкес қорытынды жасағандарын атап өтті. Олар өмірде мақсат қойып, оған табанды еңбекпен жету, ең бастысы, еліміздің заңдарын құрметтеу керек деген пікірлерін жеткізді. Шарадан керемет әсер алып, жазғы мезгілдегі бос уақыттарын тиімді өткізген жастар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.