Бесағаштық тұрғын «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға қол жеткізді

0 13

ZhambylNews — Сөзден гөрі іске жақын бесағаштықтар аз қамтылған отбасыларға асарлатып баспана салып беруде. Бұл бастамаға кәсіпкерлер, ауыл тұрғындары және ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері де өз үлестерін қосуда. Сөзімізге дәлел ретінде Бесағаш ауылдық округіндегі жас отбасы – Абылайхан Карсаковтың шаңырағындағы болған қуанышты сәтті айтуға болады. Олар «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға қол жеткізді.

Қоныстой иесін құттықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, округ әкімі Бейбіт Нигматуллаев және баспаналы болған отбасының ет бауыр жақындары жинады.

– Бізге қамқорлық көрсеткен жандарға айтар алғысым шексіз. Енді үйіміз бар, келесі мақсатымыз — балаларымызға тәрбие беріп оқыту, елін сүйер азамат қылу. Асар жобасына ұйытқы болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа, аудан басшылығына және барша қолдау көрсеткен ауылдықтарға рақметімді айтамын! — дейді Абылайхан Карсаковтың жұбайы Ұлдана Дулат қуаныштан көзіне жас алып.

Жалпы аумағы 8 шаршы метр болатын 2 бөлмелі тұрғын үй. Іші-сырты заман талабына сай жабдықталған.

– «Асар» қайырымдылық акциясы ауылдық жерлерде де қанатын кеңге жая бастады. Бұл бастаманы да бесағаштықтар бірден іліп алып кетті. Елден жиналған қаражат есебінен жас отбасы үшін салынған үйдің жалпы аумағы – 3×9 метр. Ауласы кең, қоршалған шарбағы да бар, – дейді ауылдық округ әкімі Бейбіт Нигматуллаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.