Таразда жаңа мектеп пайдалануға берілді

0 0

Таразда жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Д.Қарбышев атындағы №16 мектептің жаңа ғимаратының ашылу рәсімінде сөз алған өңір басшысы ағымдағы жылы облыста 21 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін 11-і, жаңа оқу жылына орай 7-еуі пайдалануға берілетінін жеткізді. Сондай-ақ  мемлекет тарапынан білім саласына көрсетілетін қолдау жыл санап артып жатқанына тоқталды.

Нысан құрылысын «Сұңқар2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Ал жаңа ғимараттың сыйымдылығы 700 орынға жоспарланған және заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Мұнда оқушылардың қауіпсіздігіне де айрықша көңіл бөлінген. Мектеп аумағына 15 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ жаңа оқу жылында «Ата-ана бақылауы» пилоттық жобасы аясында ішкі істер департаментінің дабыл жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар білім беру мекемесіне жаңа спорттық алаң, балаларға арналған жолда жүру ережелерінің бұрышы, «Шахмат тақтасы», «Мак», «Лабиринт» секілді ойлау-дамыту зоналары ашылып, мектеп ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Аталған білім ордасының директоры Жанна Оңғарбаеваның айтуынша, биыл мектеп табалдырығын 1410 оқушы аттайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.