Биыл Жамбыл ауданында 1655 оқушыға алғашқы қоңырау соғылды

0 5

Бүгін – Білім күні. Дәл осы күні барлық құт мекендер білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алады. Биыл Жамбыл ауданындағы 38 білім беру мекемесінде 16690 оқушы тәлім-тәрбие алады деп күтілуде. Оның 1655-і бірінші сынып табалдырығын аттағандар, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Жаһан жұртына қауіп төндірген індеттің кесірінен өткен жылы барлық білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау соғылған жоқ. Оқушылар өздері тұрып жатқан өңірдің эпидахуалына, мектептегі бала санына қарай онлайн және оффлайн форматта білім алды. Ал биылғы оқу процесі былтырғыға қарағанда біршама өзгерген. Ең бастысы, балалар мектепке барып білім алады. Оны ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов осыдан біраз күн бұрын кесіп айтты.

Білім күні облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов пен аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев Айшабибі орта мектебіне барып, оқушыларды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады.


Биыл күрделі жөндеуден өткен Айшабибі мектебінде 1200 оқушы және бірінші сыныпқа 120 оқушы аттанбақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.