Жамбыл облысында дәмді қауын қақ дайындалады

0 2

ZHAMBYLNEWS — Жамбыл облысы Сарысу ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды дамуда. ҚР Конституциясы күніне орай, Тоғызкент ауылында ешқандай минералдық қоспасыз өсірілген табиғи таза қауынынан «Қауын-қақ» кептірілген қауын өңдейтін кәсіпкерлік нысанның ашылу рәсімі өтті.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған, Тоғызкент ауылының тұрғыны,  «Байсейіт-Ата» шаруа қожалығының төрағасы Ләззат Божбанова кептірілген қауын өңдейтін цехты іске қосты.

Аталмыш шараға аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

— Ауданымызда шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында, «зәкірлік» жобалар қолға алынған болатын. Сол жобалардың бірі ретінде осы кәсіпкерлік нысанды ашқалы тұрмыз. Бұл заманауи құралдармен жабдықталған кептірілген қауын өңдейтін цех өндірістік процестерді басқарудың тиімділігін арттырып, мол өнім шығарып, табысқа жетелейді деген сенімдеміз, — деді аудан басшысы.

Бұдан кейін сөз алған ауыл қариясы Шейірбек Тайменов жаңадан іске қосылған кәсіпкерлік нысанның жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.