Асар — ел бірлігі

0 8

Облыс әкімінің «Асарлатып үй салу» жобасы аясында, Қорағаты ауылдық округінде ауыл азаматтарының атсалысуымен әлеуметтік аз қамтылған отбасы баспаналы болды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аталмыш жоба аясында салынған үйдің кілті пәтер иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Аудан әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков, ауданның құрметті ардагері Тәңірберген Жексенбиев жаңа қоныстың ашылу салтанатына қатысып, пәтер иесінің қуанышына ортақтасты.

Өзінің құттықтау сөзінде Әлихан Балқыбеков асар ықылым уақыттан келе жатқан өнегелі үрдіс екендігін айтып, қуаныш иесіне ауыл халқының атынан баспананың символикалық кілтін табыстады.

Айта кетейік, бұған дейін Шу ауданында жоба аясында 7 үй пайдалануға берілген болатын. Бүгінгі күні көптің көмегімен 10 үй салынуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.