Мойынқұм ауданының әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады

0 1

Мойынқұм ауданына жаңадан тағайындалған аудан әкімі Әлихан Балқыбеков бүгін аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Аудан басшысы алдымен аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Мөлдір» шаруашылық құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, ондағы техникалармен танысып, ғимарат ішін аралап көрді.

Содан соң білім бөлімінің жай-күйімен танысты. Сонымен қатар Радай көпірін бақылап, 2020 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөнделген «Абылай-хан» атындағы орталық алаңды, даңқты шопан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ж.Қуанышбаев атына берілген саябақ пен жанындағы мұражай жұмыстарын көрді.

Аудан әкімі бұдан соң аудандық бюджет есебінен салынып жатқан су құбырларымен және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қажымұқан көшесіндегі төрт 2 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен және «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Бауыржан Момышұлы атындағы орталық стадионның күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.