Мойынқұмда ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

0 0

Бүгін Мойынқұм ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданда баға тұрақтылығын сақтау мақсатында ет өнімдері, балық және бақша дақылдарының жәрмеңкесі өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Жәрмеңкеде ауданның Жамбыл, Қылышбай, Айдарлы, Хантау, Ақсүйек, Мирный, Биназар, Көкжелек, Күшаман, Мыңарал, Шығанақ, Мойынқұм, Бірлік ауылдарынан ет өнімдері, балық және бақша дақылдары әкелініп, төмен бағада халыққа ұсынылды.

Атап айтсақ, 1 кг қой еті -1800 теңгеден, балық — 600 теңгеден, қауын-қарбыз — 20 теңгеден, пияз-картоп — 150 теңгеден саудаланды.

Бұған қоса тары-талақан, сүт, алма, алмұрт, қызанақ та сатылымда болды.

Жәрмеңке барысын аудан әкімі Әлихан Балқыбеков аралап көріп, аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы саласын басқарып отырған орынбасары Е.Әмірхановқа халыққа арнап арзандатылған бағада осындай жәрмеңкені тұрақты түрде ұйымдастыруды және сатылатын тауар түрлерін көбейту қажеттігін тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.