Жуалыда «Бүкіл отбасымның денсаулығы үшін!» отбасылық спартакиадасы өтті

0 13

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық саябақта «Бүкіл отбасымның денсаулығы үшін!» отбасылық спартакиадасы өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Отбасылық сайысқа 4 командадан 15 адам қатысты. Олар арқан тарту, қаппен секіру, секірмек, нысана дәлдеу және қашпа доп сияқты спорттың 5 түрінен сынға түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі III орынды Б.Момышұлы ауылынан келген «Жарқынбаевтар» отбасы алды. II орын Ертай ауылынан келген «Бейбарыс» командасына бұйырса, Қайрат ауылынан келген «Бекбаевтар» отбасы жүзден жүйрік атанып I орынды жеңіп алды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.