Екпе індеттің алдын алады

0 3

Әлем елдерін жаулап келе жатқан індеттен құтылудың жалғыз жолы екпе алу болып отыр. Вакцина жайлы медицина саласының жілігін шағып, майын ішкен ғалымдар да өздерінің оң пікірлерін ортаға салуда. Ауру айтып келмейді. Дегенменде, қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, екпе алып аурудан барынша сақтанған абзал.

Эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның өршуінің кезеңі жүруде. Індеттің өршуіне байланысты кейбір өңірлер қызыл аймаққа өтіп жатыр. Көптеген науқастарды басқа клиникалық белгілері бар бола тұра тапсырған ПТР тесттері оң болып, ауруханаларға түсіп жатыр.

Вакцинация қоғамдық имунитетті қалыптастырудың бірден-бір жолы.
Екпе алу арқылы адам ағзасы вирустық, инфекциялық аурулармен күресуге мүмкіндік алады.

Халық уақытымен вакцина алып, қоғамдық орындарда санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтайтын болса, індеттің жұғуы бәсеңдеп, денсаулық сақтау саласы мамандарының жүгі жеңілдейтін еді.

Гүлнұр Алтынбекова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.