«Асарлатып үй салу» жобасы аясында көпбалалы ана баспаналы болды

0 22

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында бүгін Ақкөл ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Кәмшат Нұрбекова баспаналы болды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Кәмшат Дүйсенқызы 6 баланы тәрбиелеп отырған, аяулы ана.

Қоныс той қуанышына аудан әкімі Қанатбек Мәдібек қатысып, ізгі тілегін білдірді.

— Ақкөл ауылы үшін биылғы жыл табысты болмақ. Өйткені, «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында бірқатар жұмыстар қолға алынбақ. Қазірдің өзінде округте дене шынықтыру — сауықтыру кешені мен ауылішілік көшелердің құрылыстары басталып кетті. Сондай-ақ, мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгін де ауылда үлкен қуаныш. «Асарлатып үй салу» жобасы аясында тағы бір отбасы баспаналы болды. Ат салысқан барша азаматтарға ризашылығымды білдіремін, — деген Қанатбек Қайшыбекұлы қайырымды істің қасында жүрген бірқатар кәсіпкерлерге Алғыс хаттарды тапсырды.

Сонымен қатар, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Досболат Туғанбаев қуанышқа орай жылы лебізін арнап, Кәмшат Дүйсенқызына жаңа баспананың кілтін ұсынды. Өз кезегінде ауылдан шыққан кәсіпкерлер көпбалалы анаға үй жиһаздардын тарту етіп, елге ортақ қуанышты еселеді.

Жалпы, аудан көлемінде өткен жылы 8 ауылдық округте көпшіліктің көмегімен тұрғын үйлер бой көтеріп, пайдалануға берілсе, биылғы жылға 6 ауылда тағы 8 үй салу жоспарланған.

Жыл басынан бері Есейхан, Қожағаппар ауылындағы отбасылар жобаның игілігін көріп, баспаналы болып үлгерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.