Бүгін Т.Рысқұлов ауданындағы Луговой және Ақбұлақ ауылдық округтерінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпсрат агенттігі.
Сайлауға қатысуға жалпы 5 кандидат өтініш білдірген. Оның 4-і өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 кандидат «Nur Otan» партиясынан ұсынылып отыр.
Аталған екі ауылдық округте 6 сайлау учаскесінде жалпы 8528 дауыс беруші бар. Оның 6406-ы Луговой ауылдық округінде болса, қалған 2122-і Ақбұлақ ауылдық округінде.
Айта кететіні, сайлау барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтуде. Комиссия мүшелері толық вакцинадан өткен. Ал дауыс берушілерге арнап облыстық Бас санитардың қаулысына сәйкес барлық санитарлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Қазіргі таңда аталған ауылдық округтерде ауыл әкімдерінің сайлауы өз дәрежесінде жалғасуда. Ауыл тұрғындары бұл саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.