Індеттің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0 1

ZHAMBYLNEWS — Шу ауданы әкімі аппаратының басшысы Нариман Жетпісбайұлы және Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі Асланбек Қожайұлы, сондай-ақ бір қатар бөлім басшылары індеттің алдын алу мақсатында Бірлікүстем ауылдық округінде болып, тұрғындарды вакцина алуға және қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтауға шақырды.

Ауылдық округтегі кәсіпкерлік нысандарды, мекемелерді аралап, вакцина алмаған тұрғындардың шаңырағында болды. Түсіндіру жұмыстары барысында округ тұрғындары вакцина алуға қарсы еместігін атап өтіп, белгілі бір ауру санаты бойынша тіркеуде тұратындығын және әлеуметтік желілерде таралған ақпараттардың ақ-қарасын ажырата алмай жататындығының себебінен екпе алмағандығын алға тарттып, алдағы уақытта вакцина алатынын жасырмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.