Жамбыл облысындағы ветпункттерге биыл 49 жас маман жұмысқа орналасқан

0 0

ZHAMBYLNEWS — Жамбыл облысында ветеринария саласы жас мамандармен толықты. Биылдың өзінде оқу орнын тәмамдаған 49 маман аудандардағы ветеринариялық станциялар мен пункттерге жұмысқа орналасқан. Олар оқу орнында алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек жолында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қоспақшы.

Биыл Талас ауданына 2 ветеринар маман келген. Солардың бірі -Мақсат Бораш. Құлан ауыл шаруашылық колледжін бітірген Ол, еңбек жолын Қаратау қаласының ветеринариялық пунктінен бастады. Фельдшер мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан Қуат Әнуарбекұлы ауыл тұрғындарының төрт -түлігін емдеп, кәсіби біліктілігімді көрсетуге әзірмін дейді:

-Өзім осы Талас ауданында туып өстім. Үйімізде мүйізді ірі қара мен ұсақ ұстайтынбыз. Ветеринар мамандығына бала кезден қызықтым. Мектептен кейін осы мамандық бойынша колледжге түсіп, төрт жыл білім алдым. Қазір жұмыс істеп жүрмін. Тұрғындарға шақырту бойынша барамыз, ауырған малдарын емдеуге көмек көрсетемін, -деді жас маман.

Жалпы облыстық ветеринария басқармасы да салаға жас мамандарды тарту ісіне қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылы 10 аудандағы мал дәрігерлерін арнайы оқу курсынан өткізіп біліктілігін арттырған.

— Бүгінгі таңда облыстың ветеринарлық станциялардағы мамандардың орташа жасы 50- 55 жасты құрайды. Биыл олардың қатары жастармен толықты. Көктемде орта білімді жас ветеринар мамандардың біліктілігін көтеру үшін «Жануарларды қолдан ұрықтандыру техникасын тиімді пайдалану және оның әдістерін меңгеру» тақырыбында облыс көлемінде семинар ұйымдастырылды. Ветеринар мамандарымыз оқу-жаттығу семинары барысында жануарларды қолдан ұрықтандыру техникасын оңтайлы меңгеру бойынша қызығушылықтары мен белсенділіктерін танытты. Семинарға 138 маман қатысып, «Жануарларды қолдан ұрықтандыру технигі» деген сертификаттарын алды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады деді — Ербол Жұмабекұлы.

Жалпы, Талас ауданында ветеринария саласы бойынша іс-шаралар жоспарға сай жүргізілуде. Оның ішінде серологиялық (малдан қан алу) және екпе салу жұмыстары жүргізілуде. Тамыз айында барлық ауылдық округтерде уақ мал мен жылқыға жүргізілген.

Осы уақытқа дейін 1431 бас мүйізді ірі қара мен 21013 бас уақ малдан малдан қан алынып, сарып ауруына тексерілді. Жалпы аудан бойынша эпизоотиялық жағдай тұрақты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.