Т.Рысқұлов ауданында сенбілік жұмыстары жүргізілуде

0 18

ZHAMBYLNEWS — «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен құландықтар ерекше белсенділік танытуда. Ауыл шырайын шұғылалы ету мақсатында Т.Рысқұлов ауданында ағымдағы жылдың күзгі екі айлық көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары өтуде.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Соның ішінде, ауылдың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, жүргізілген сенбілік нәтижесінде аудан бойынша тазалық жұмыстарына 2450 адам, 23 техника жұмылдырылды. Тазартылған аумақтар бойынша 225 тонна тұрмыстық қалдық заттар мен күл-қоқыс шығарылды.

Қоңыр күз келгенде жылғалар бітеліп, айнала ластанатыны белгілі. Табиғаттың тынысын ашу мақсатында жол жиектері, арықтар күл-қоқыстардан тазалануда. Сондай-ақ, аудандағы барлық мектептер мен балабақшалардың, яғни барлық әлеуметтік нысандарда тазарту жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.