Талас ауданында 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша МІҚ- 30228 бас, қой-ешкі — 431019 бас, жылқы – 12257 бас, түйе – 2216 бас, шошқа — 208 бас, үй құстары – 42164 басты құрап отыр.
Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштермен салыстырғанда:
МІҚ-101,9%-ды, қой-ешкі 100,1%-ды, жылқы-102,7%-ды, түйе –100,5%-ды, шошқа -124,5%-ды, құс – 100,5%-ды құрап отыр.
Ал, мал мен құс еті (сойыс салмағымен) — 6677,7 тонна, сиыр сүті – 5489 тонна, алынған тауық жұмыртқалары- 1335,0 мың дананы құраған.
Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткіштермен салыстырғанда:
Ет- 103,3%-ды, сүт – 102,0%-ды, жұмыртқа – 100,7%.
Ауыл шаруашылығы өнімі 6 млрд. 395 млн. 400 мың теңгеге өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 104,7%-ға орындалып отыр. Яғни, 289млн. 600 мың теңгеге артқан.