ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы жұмыс сапарымен Шу ауданына барды

0 16

Күні кеше Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ғабидолла Оспанқұлов өңірлердің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын көру мақсатында Шу ауданында болды. Мемлекеттік инспекторды аудан әкімі Нұржан Календеров қарсы алды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Ғабидолла Оспанқұлов жұмыс сапарын Шу қаласындағы Қант зауыты мөлтек ауданына кіреберістегі «ЭЛНУР АДИЛ ГРУПП» ЖШС жұмысымен танысудан бастады.

Мұнда қазіргі кезде Макарон цехының құрал-жабдықтары орнату жұмыстары қолға алынып, электр жүйесін жүргізу жұмыстары 90 пайызға аяқталған. Қуаттылығы диірмен тәулігіне 120 тн, макарон цехы – тәулігіне 22 тн, бидайды сату – айына 7000 тн. құрайды.

Серіктестік иелерінің айтуынша, жоба құны 3,5 млн АҚШ долларын құрайды. Цех ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылады.


Бұдан соң ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы «Шу жылу» КМК-ның жылыту маусымына дайындық барысына назар аударып, аталған кәсіпорынға тиесілі Шу қаласындағы С.Шакиров көшесіндегі жаңартылып жатқан жылу құбырларының жұмысын қадағалап, кәсіпорын басшысына құрылыстың тиісті уақытта аяқталуын тапсырды. Бұл орталық барлығы 358 нысанға қызмет көрсетуге дайын.

— Орталық қазандықта көгілдір отынмен қоса қатты отынды да пайдалануға мүмкіндік бар. Сондықтан төтенше жағдайларға байланысты қатты отынды да дайындып отыру керек, — деді Ғабидолла Оспанқұлов.

Сонымен қатар Ғабидолла Абдоллаұлы аудан орталығы Төле ауылында бой көтеріп жатқан «Оқушылар сарайы» құрылысымен танысты. «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен бой көтерген оқушылар сарайының құрылысы да аяқталуға жақын қалған. Аталған нысынға мемлекеттік инспекор оң бағасын берді.

Әрмен қарай сол маңда орналасқан аудандық орталық аурухананың жылыту маусымына дайындық жұмыстарын да көріп шықты.

Бұдан кейін Жаңақоғам ауылдық округінде болып, ауылдың ахуалын аралап көрді. Аталған ауылдық округте жаңадан сайланған 3 ауыл әкімімен кездесті.

— Біз жергілікті атқарушы органдардың дербестігін нығайтуға бағытталған сайлау процесінің бірінші және маңызды кезеңдерінен табысты өткердік. Алғаш рет елімізде Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қаңтар айында Парламент палаталарының бірлескен отырысында ауыл әкімдерін сайлаудың жаңа жүйесін жария еткені белгілі. Мемлекет басшысы сол кезде азаматтардың шешім қабылдау процесіне ықпалын күшейту үшін осындай серпін берудің маңыздылығын атап өткен болатын. Осыған байланысты жаңадан сайланған әкімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі, -деді өз сөзінде мемлекеттік инспектор.

Сапар барысында ол М.Мақатаев мектебінің жылыту маусымына дайындығын көрді. Мұнда да жылыту маусымына қазандық толықтай дайын.


Сондай-ақ, Төле би ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектебінің жаңа құрылыс жұмыстарымен танысты.

1960 жылы салынған білім ошағының тозығы жеткен. Осыған байланысты 300 орындық жаңа ғимараттың құрылысы басталған. Құны 905 млн. 488 мың теңгені құрайды. Келер жылы жаңа оқу жылына пайдалануға береміз деген нысанның құрылыс қарқыны баяу жүргізілуде. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Ғабидолла Оспанқұлов жауапты басшыларға құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды.


Мемлекеттік инспектор сапар соңында Шу-Бурылбайтал автожолының Мойынқұм бағытындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.