Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Жамбыл ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Денсаулық фестивалі» атты аудандық спартакиада өтті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қыркүйегіндегі нөмері 13 қаулысына сәйкес талаптардың қатаң сақталуымен өткен жарыс спорттың бес түрін қамтып, (асық ату, арқан тарту, үстел тенисі, кіші футбол) оған 115 спортшылар қатысты.
Тартысты өткен жарыс нәтижесінде, арқан тартыстан Ащыбұлақ ауылдық округнің спортшылары I- орын, Аса II-орын, Бесағаш ауылдық округі III-орын иеленсе, асық атудан Абай орта мектебі I-орын , Абай орта мектебі II-орын, Ащыбұлақ ауылдық округ III- орынды қанжығасына байлады. Ал, үстел теннисінен Ж.Ағайдаров I- oрын, Ж.Малдыбаев II-орын, Р. Музбелов III-oрынды қанағат тұтты.
Кіші футболдан өткен турнирде Ю. Гагарин мектеп-лицейі (Аса) I-орын, Төле би орта мектебі (Қаракемер) II-орын, Әкім Тарази атындағы тірек мектебі (Тастөбе) III-орынға ие болды.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі дайындаған тиісті дәрежедегі I, II, III орын алған спортшылар медаль және дипломмен марапатталды.