Қордай ауданы әкімдігінің тарапынан ауыл тұрғындарына екпе салдырудың тиімділігін түсіндіру мақсатында түрлі сала мамандарын, зиялы қауым өкілдері мен еріктілерді жұмылдыра отырып аудан аумағында екінші ай үздіксіз жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде бүгінде аудандағы 24 елдімекеннің тұрғындары 100% екпе алып, ұжымдық иммуниетті қалыптастырып отыр, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Жалпы аудан бойынша екпе қабылдауға жататын тұрғындардың саны – 66685, екпе егілгендер саны – 52686 адам немесе 79 % .
Айта кету керек, аудандық орталық аурухандағы вакцинация кабинеттері үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейді. Сонымен қатар, күнделікті жылжымалы вакцинация пункті және медициналық қызметкерлердің көшпелі бригадалары ауылдарға шығып, вакцинациялау жұмыстарын жүргізуде.
Бүгінде Қордай ауданында «QazVac», « Sinopharm» вакциналары бар.