Сарысу ауданында жыл басынан бері 55 мыңға жуық ұсақ мал сырғаланған

0 22

Сарысу ауданындағы ветеринар мамандар жыл басынан бері 55 мыңға жуық қой-ешкі мен 6 мыңнан аса мүйізді ірі қараға бірдейлендіру жұмыстарын жүргізген. 16 00 бас жылқы малын чиптеген. Аталған жұмыстар мал санын анықтаумен қатар, профилактикалық шаралар кезінде маңызды, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Ауданда 2021 жылға жасалған болжамдық жоспарға сәйкес 7250 бас ойсыл қара тұқымы мен 75000 бас қой-ешкіге құлақ жапсырмаларын салу жоспарланған. Әсіресе мал төлдейтін көктем мезгілінде мамандардың жұмысы қызады:

— Бірдейлендірудің өзіндік жүйесі мен талабы бар. Бұзаулар, қозы-лақ, боталар туылған күннен бастап 7 күн ішінде сырғаланады. Ал құлындар 4 айлығынан бастап таңбаланады. Фермерлік шаруашылықта өсіріліп, бордақылауға жатқызылатын торайлар 9 айға толғаннен соң бірдейлендіріледі. Мұнан өзге мал дәрігерлері аудандағы эпизотиялық жағдайды үнемі бақылап отырады. Тұрғындардың шақыртуы бойынша қызмет көрсетеді,-дейді Сарысу аудандық вереринария станциясының басшысы А. Оспанов.

Жалпы, бірдейлендіру деп — малға сырға салу, таңбалау, чиптеу, ветеринарлық паспорт беру және төрт -түлік деректерін компьютерлік базаға енгізу жұмыстарын айтады. Сондай-ақ, мал санын анықтауға, екпе жұмыстарын жүргізу, профилактикалық шаралар үшін маңызды.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтары мен 23 қыркүйек аралығында Тараз қаласы мен аудандардың ветеринариялық станциялары тарапынан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер қорына барлығы 144 714 бас бұзау, 1 206 157 бас қозы-лақ , 25 822 бас құлын , 1 369 бас бота , 9 799 бас торай енгізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.