ZHAMBYLNEWS — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов бастаған топ Тараз қаласындағы «Смарт», «Дәмдес» сияқты ірі сауда орталықтары мен «Аса» шағын ауданында орналасқан әлеуметтік дүңгіршектерге барып, тұрақтандыру қорынан жеткізілген тауарлардың бағасына зерделеу жүргізді.
Зерделеу жұмыстары барысында Нұржан Молдиярұлы тұрақтандыру қорының тауарлары сауда нүктелеріне толық көлемде жеткізілмейтініне назар аударды. Апта сайын жүргізілетін мониторинг жұмыстары да көңіл көтшітпейді. Аймақ басшысының орынбасары орын алған кемшіліктерді түзету үшін жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Арнайы топ зерделеу барысында сауда орталықтарының басшыларымен тілдесіп, Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 шілдедегі №152 қаулысымен бекітілген тауарлар шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларынан аспау керектігін, баға негізсіз көтерілген жағдайда кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 202-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді.