Сарысулықтар Қызылордаға 3 мың түп шөп жіберді

0 0
Сарысу ауданы тұрғындарының демеушілігімен қуаңшылық салдарынан зардап шеккен Қызылорда облысына 3 вагон, яғни 3 мың түк көлемінде табиғи шабындықтан шабылған шөп көмек ретінде жіберілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ал Қамқалы ауылдық округіне қарасты Шу өзені бойындағы шабындық жерден 31 мың тонна қамыс шөбі Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарына сатылымға жіберілген.
Жалпы, аудан бойынша мал қыстату науқанына 101 мың тоннадан аса шөп дайындау межеленген. Бүгінде 102 400 тонна пішен, 28 100 тонна сабан, 14 500 тонна жантақ дайындалып, 143 %-ға артық орындалған.
Шөп дайындау науқанына біршама жекелеген азаматтар мен шаруа қожалықтары да ат салысқан. Атап айтар болсақ, «Саудакент-2019», «Игілік» өндірістік кооперативтері, әр ауылдық аймақтардан құралған бригадалар төменгі Шу, Талас өзендерінің бойындағы шабындық алқаптан шөп оруға кірісті.
Ауыл тұрғындары да науқандық жұмыстардан тыс қалған жоқ. Жеке кәсіпкер Баймағамбетов Аңламас бастаған топ барлық техникаларын сайлап, шөп дайындауға атсалысқан.
Сонымен қатар құнарлы мал азығын ауыл тұрғындарына сапалы, қолжетімді бағада тасып беруде. Техникасы жоқ ауыл тұрғындарына орылған шөптер қолжетімді бағада сатылуда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.