Сарысу ауданында маусым айының 6-шы жұлдызынан бастап тағы бір дәріхана іске қосылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Қайыс» ЖШС-ның басшысы Орка Сейітбаев Жаңатас қаласы Дегерез елді мекені Ш.Уалиханов көшесі бойынан дәріхана ашып, халыққа қызмет ете бастады.
Оның мақсаты халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді әрі сапалы дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техника мен қамтамасыз эту болып табылады.
Бұл Дегерез елді мекеніндегі тұрғындарға берілер үлкен көмек болмақ.
Мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен және кәсіпкердің өз қаражаты арқылы жасалған бұл дәріхана біріншіден жұртшылыққа тиімді болса, екіншіден денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарына жасалатын жәрдем.
2019 жылы кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 12,0 млн. теңге несиелік қаражат алған еді.
Бұл қаражатқа дәріхана құрылысын аяқтап дәріханаға қажетті құрылғылар алып, бизнесінің өрісін кеңейтті.
Қазіргі таңда дәріхана жұмысы тұрақты жүруде және екі азаматты жұмыспен қамтыған.