Жамбыл облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жинақталуда

0 8

Облыстың әлеуметтік азық-түлік қорын толықтыру үшін өзге облыстардан 60 тонна күріш, 100 тонна күнбағыс майы мен 2000 тонна қант сатып алу үшін конкурс ойнатылуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Биылғы тоғыз айда тұрақтандыру қоры арқылы 500,6 миллион теңгеге 3802 тонна өнім өткеріліп, өткен жылмен салыстырғанда оның көлемі 2,5 пайызға жоғарылаған.
Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы Тұңғыш Тынысбекұлының айтуынша, облыста ұн, нан және жем бағасын тұрақтандыру үшін қыркүйек айында жергілікті бюджеттен 135 миллион теңге бөлініп, қазан-желтоқсан аралығына қажетті 2100 тонна ұн мен 900 тонна кебек қоры дайындалыпты. Ал тұрақтандыру қорын қалыптастыруға жергілікті бюджеттен бөлінген 200 миллион теңгеге бір көзден 880 мың дана жұмыртқа, 60 тонна қарақұмық алу үшін келісім шарт жасалған.

Бүгінгі таңда 60 тонна күріш, 100 тонна күнбағыс майын, 2000 тонна қант сатып алу үшін конкурс жарияланды. Оған жергілікті бюджеттен қосымша 190 миллион теңге қаралып отыр,дейді Тұңғыш Тынысбекұлы.

Ауыл шаруашылығы басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорын тұрақтандыру қорында қажет мөлшерде жинақтап алып, өңірдің баға нарығын реттеп отыруға мүдделі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.