Сарысу ауданында мобильді топ мүшелері  түнгі рейд жұмыстарын жүргізді

0 5

Сарысу ауданында коронавирус пандемиясының таралуын алдын-алу мақсатында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Алметов және аудан аумағында құрылған мобильді топ мүшелері  түнгі рейд жұмыстарын жүргізді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аудан әкімі бастаған мобильді топ мүшелері дәл қазіргі уақытта қала орталығындағы алаң мен орталық маңындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, карантин талаптарына мойынұсынбаған аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Рейдтік шара барысында түнгі 21.00 ден кейін спирттік  өнімдерін сатпау туралы айтылып және беймезгіл уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына ескерту жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.