Төле би ауылының орталық алаңында «Қара сора-2021» жедел-профилактикалық іс-шараның жабылуына арналған сап түзеу салтанаты өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталған іс-шараға Ішкі Істер Министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ерлан Омарбеков, «Нағыз патриоттар қоғамдық бірлестігінің» жетекшісі Ғалия Әбітаева және Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметов қатысты.
Сондай-ақ іс-шарада Жамбыл облысы полиция департаментінің «Арлан» арнайы жасағының «Ұрыс жүргізу әдістері» мен ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» жасағының «Автокөліктегі қылмыскерді құрықтау» көріністері көрсетіліп, есірткіге қарсы қызметке, нашақорлықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқан азаматтар марапатталды.
Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар әскери қару-жарақ және техникалардан арнайы жасақталған көрмені тамашалады.