Жамбыл ауданында көпбалалы анаға 6 млн теңгенің сертификаты берілді

0 0

Жамбыл ауданында көпбалалы анаға 6 млн теңгенің сертификаты берілді , – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Жуырда «Асар Уме» және «Береке» қайырымдылық қорлары Жамбыл ауданына келіп, тұрмыстық көмекке шын мұқтаж азаматтар тізімін саралай отырып, Аса ауылының тұрғыны, көпбалаы ана Е.Вонюкованың үйіне барды. Кейуанамен емен-жарқын әңгімелесті. Үй-жайы, бала-шағасы туралы сұрап, қолдау көрсету үшін арнайы келіп отырғанын жеткізді.

Ұлын ұлылыққа, қызын кісілікке тәрбиелеп отырған ана көп жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келеді. Тапқан табысын ұл-қыздарын қатарластарына қалмау үшін еңбек етіп жүрген ананың өмірі көпке ғибрат.

Аталған қайырымдылық қоры кейуанамен әңгімелесе келе жағымды жаңалықпен бөлісті.

Бұл туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, аудандық “Рухани жаңғыру” жобалық офисінің жетекшісі Мади Жанұзақов айтты.

Аты жаман індет алғаш қылаң бергенде облыстық “Кислород SOS” еріктілер тобының мүшелігіне өз еркіммен қабылданып, қайырымды іске атсалысып келемін. Бүгінде жоғарыдағы қайырымдылық қоры мен еріктілер тобы өңірімізге келіп, баспанаға мұқтаж отбасыға 6 млн теңгенің сертификатын табыстады. Алдағы уақытта Аса ауылынан тамаша баспана сатып, қуаныш иелерін сүйіншілейтін боламыз, – дейді Мади Жарылқапбайұлы.

Өз кезегінде игі іске иілген жандарға аудан әкімі Сәкен Арубаев алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Жақсылықты жаны сүйетін азаматтардың арқасында күміс алқа иегері армандаған баспанаға қол жеткізетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.