Жамбыл ауданының әкімі Қаракемер ауылындағы медициналық пунктінің құрылыс барысымен танысты

0 8

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев  Қаракемер ауылында 25 соттық аумаққа  салынып жатқан ауылдық медициналық пунктінің құрылыс барысымен танысты ,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Құрылыс жұмыстарын «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. 25 келушіге арналған пунктінің құрылысы қазан айында басталды. Бүгінде іргетасы қалана бастаған нысан келесі жылы аяқталады деп күтілуде,деді Құрылыс басында жүрген округ әкімі Жәнібек Әуелбаев.

Халық қажеті үшін салынып жатқан нысанды арлаған Сәкен Қаланұлы құрылыс сапасын бақылауда ұстауды, мерзімінде аяқтау керектігін мердігер компания өкіліне тапсырды.

Жалпы 85 мыңнан аса тұрғыны бар Жамбыл ауданында 35 медициналық орталық бар. Жамбылдықтарға 1 аудандық, 1 ауылдық емхана, 1 орталық аурухана, 3 фелдьшерлік-акушерлік, 15 медициналық пункт, 14 дәрігерлік аммбулатория үздіксіз қызметсе етсе, 16-шы медициналық пункт көп ұзамай қатарға қосылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.