Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында облыс орталығында аудан күндері жалғасуда. Осы демалыс, яғни 6-қараша күні Тараз қаласында Меркі ауданының күндері өтеді деп жоспарлануда , – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Мәдени шарада қала қонақтары мен тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, спорттық ойындар мен концерттік бағдарламалар ұсынылатын болады. Тұрғындар үшін барлық іс-шаралар тегін көрсетіледі. Келіп тамашалауға шектеу жоқ.