Меркі ауданының күндері аясында бірнеше іс-шаралар өткізілді

0 11

Меркі ауданының күндері аясында бірнеше іс-шаралар өткізілді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Тараз қаласында ұйымдастырылған Меркі ауданының күндері аясында аудан спортшылары қол күресі, таэквондо сынды спорт түрлерінен шеберлік көрсетті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

-Аудан күндерін өткізу мереке қарсаңында жақсы дәстүрге айналды. Осыған дейін де Сарысу, Талас аудандары келіп жәрмеңке өткізіп, концерттік бағдарламаларын тарту етті. Бүгін спорттық шараларды тамашаладық. Бұл жастардың саламатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді,дейді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Солтыбаев.

Шара барысында ұлттық спорт та ұлықталды. Жасөспірімдер асық атып, өз шеберліктерін ортаға салды. Думанды мерекелік шара сурет көрмесі, этномәдени орталықтардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.