Меркі ауданының күндері аясында «Тәуелсіздік жылдары» экспозициясы көрсетілді

0 0

Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтарына Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған Меркі ауданының күндері барысында «Тәуелсіздік жылдары» экспозициясы көрсетілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Орталық кітапхана ұжымы мерейлі мерекеге орай жергілікті авторлардың жұмыстарын жинақтаған:

Егемендік алып, көк туымыз аспан төрінде желбірегелі 30 жыл толды. Бұл еліміз үшін орны бөлек, айшықты мереке. Біз осы күнге орай Тәуелсіздіктің жетістіктерін насихаттайтын арнайы экспозиция қойдық. Мұнда сықақшы Темірбек Қожекеевтің, ақын Шырын Мамасерікованың, қылқалам шебері Эльмира Ыдырысованың, Зүкей Шарбақанұлы мен тағы басқа көптеген жерлестеріміздің жұмыстары топтастырылды. Меркіліктер өз жерлестерін әрқашан мақтан тұтады. Ал біздің кітапхана оқырмандарымыз үшін олардың шығармашылығын кеңінен насихаттауға үлес қосуда,-дейді кітапхана директоры Жанат Сүйінқұлова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.