Меркі ауданының күндері аясында сурет көрмесінің таныстырылымы өтті

0 10

Тәуелсіздіктің ширек ғасырын атап өтуге орай көне шаһар Тараз қаласында аудан күндері өз жалғасын табуда. Бұл аптада мерейлі Меркі ауданы мәдениет және өнер күндерін ұйымдастырған болатын. Іс-шара аясында аудандағы балалар шығармашылығын дамыту орталығының сурет көрмесі қойылып, жеткіншектердің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жасаған қолөнер бұйымдары таныстырылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Көрмеге кескіндеме, бисер, гоболеннен жасалған бұйымдар, ұсынылды. Суреттер өз алдына. Қазір орталықта 1650 бала бар. Медициналық, аспаздық, робототехника үйырмелері жұмыс істейді. Балалар өз қызығушылықтарына қарай таңдау жасап қатысуда. Бұл жерден ұлттық дизайн және декоративтік үлгіде жасалған бұйымдарды да кездестіресіздер. Бәрін де балалар жасаған,-дейді орталық директоры Үрияхан Мамикова.

Бұдан өзге «Үміт» оқушылар сарайының тәрбиеленушілері салған Меркі ауданының тамаша табиғаты бейнеленген 40-қа жуық суреттер ілінген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.