Меркі ауданының күндері аясында этномәдени орталықтардың дәстүрі мен өнері ұсынылды. Шараны ең алғаш болып халқымыздың салты мен дәстүрін айшықтайтын киіз үйдегі әжелер әнмен бастады , кейін өзбек, түрік, қарашай балқар, әзірбайжан және славян этномәдени орталықтардың ұлттық нақыштағы бұйымдары көрсетіліп, ұлттық өнері насихатталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Баласағұн» орталық концерт залының алдында «Достық» биі композициясы қонақтар мен көрермендердің назарына ұсынылып, алты этностың ұлттық билерінен поппури көрсетілді.