Талғат Тургумбаев республикалық «Жомарт жүрек»сыйлығының лауреаты атанды

0 5

Тургумбаев Талғат Ералыұлы республикалық «Жомарт жүрек»сыйлығының лауреаты атанды , — деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондай- ақ, облыстық кезеңнен өтіп, республикаға жолдама алған болған болатын. Республикалық кезеңнен де сәтті өтіп, республикалық «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл меценаты» атанды.

Айта кетейік, «Жыл меценаты» — Тургумбаев Талгат Ералыұлы аудандық орталық ауруханаға жалпы құны 109 млн теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алып берді. Оның ішінде заманауи құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталған реанимобиль (Автомобиль ГАЗ NEXT 733 AR 08), 30 оттегі баллоны, 3000 дана жеке қорғаныш киімдері, медициналық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті пайдаланатын қорғаныс құралдарын (5000 дана «КН-95» маркалы респиратор, 5000 дана бір рет және көп рет қолданылатын арнайы қорғаныс костюмдері, бір рет қолданылатын медициналық қолғаптар) және 10 дана оттегі концентраторлары бар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.