Меркі ауданында «Қыс – 2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Оқу-жаттығу іс-шарасына аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев, аудан әкімдігінің ұйымдастыру- инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Мельс Рақышев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Асқар Думан Сәкенұлы, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, ТЖ қызметінің полковнигі Қанат Дәрімқұловтар қатысып, басшылық жасады.
Сонымен қатар, оқу-жаттығуға аудандық полиция бөлімі, ТЖ және өрт сөндіру саласы, аудандық орталық аурухана, аудандық эпидемиологиялық- санитарлық қадағалау басқармасы, «ҚазТрансАймақ» ЖӨФ Меркі бөлімшесі,
«Қазақтелеком» АҚ-ның аудандық бөлімі, аудандық электр жүйесі мекемесі, «Газ сервис плюс», Айя Сервис», «Жасыл Меркі», «Меркі жолаушы» серіктестіктері мен «ДЭУ-35» мекемелерінің шұғыл
әрекет ету топтары кенет төтенше жағдай туындаған кезде аса қажетті техникалары (барлығы 24 бірлік техника) және түрлі жабдықтарымен келіп қатысты (суретте). Сап алдында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Берік Бегалиев, әсіресе, зардаптары өте ауыр болатын қысқы
кезеңдегі төтенше жағдайлардың алдын алу, болған жағдайдағы оның қатері мен оны ауыздықтаудағы жедел штабтың рөлі, мүдделі тиісті мекемелер мен топтардың мақсат-міндеттері, сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмыс істеуі кезінде өзара үйлесімділікке қол
жеткізу мен кезекшілікті ұйымдастыру, халықты құлақтандыру, мониторинг жүргізу, материалдық-техникалық, азық-түлік қоры, тағы бір басты қажеттілік – медициналық резервтердің құрылуы жөнінде ақпар беріп, түсіндіріп өтті. Келесі сөз алған аудандық ТЖ бөлімінің бастығы, полковник Қанат Дәрімқұлов күштік құрылымдар, оның ішінде, ТЖ мен полиция бөлімі, өрт сөндіру және
т.б. мекемелерінің өздерінің салаларына сәйкес кезек күттірмейтін авариялық- құтқару, эвакуациялау, басқа да түрлі қызметтерді атқару барысында жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіре түсу керектігін ортаға салды.
Одан кейін жоғарыда аталған мүдделі топтардың киім үлгісі мен мекемелердің тиісті құрал-жабдықтарымен танысып, оларды іс жүзінде тексеруден өткізген Б.Бегалиев пен Қ.Дәрімқұлов жекелеген олқылықтардың орнын толтыру жөнінде нақты тапсырмалар беріп, олар өздерінің қатаң бақылауында болатынын жеткізді.
Бүгінгі командалық-штабтық оқу- жаттығудың соңында шартты түрде өрт шығып, жарамсыз күй кешкен мектептің жылыту орталығындағы адамдарды құтқару (суретте) мен орын алған апатты жою бойынша іс-қимылдар пысықталды. Оған ТЖ, медицина, электр жүйелері, «Қазақтелеком» мамандары тартылып, олардың ортақ міндетті жұмыла атқарған істеріне жоғары баға берілді.