«Antikor» орталығында Айдар Каримбаевтың қатысуымен тікелей эфир және TedX форматында кездесу өтті

0 1

Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Antikor» орталығында вайнер, танымал актер Айдар Каримбаевтың қатысуымен тікелей эфир және TedX форматында кездесу өтті , – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Эфир барысында, Айдар Каримбаев вайн иедяларын қайдан шығатыны және  өңірде өзекті мәселені көтеретін блоггер болу қаншалықты қиын екенін, мақсатты аудиторияға қалай қөмектескені және отбасын хэйтерлерден қалай қорғағаны туралы айтып берді.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін бірнеше көңілді вайн түсіріп жүрген ол, халық арасында орын алып жатқан проблемаларды сатиралық түрде, әзілмен жеткізгені үшін, біраз сөгіс пен қорқыту сөздерін естігенін жасырмады.

«Әлеуметтік желіде ойын түсінбейтін кейбір оқырмандар үшін, арнайы «Бұл тек әзіл!» деген жазба қалдырамын. Өйткені, бір вайннан кейін бірнеше адам қоңырау шалып, қорқыту сөздерін айтып мазамды алған кездер көп болды,» деді студия қонағы.

Халықты мазалаған мәселе бойынша түсіріліп, әлеуметтік желіге жүктелген видеолардан нәтиже шықпаған жағдайда, проблеманы бірнеше рет көтеріп, бір шешімін табамын деген ол, тиісті іс-әрекет пен жауапты кейде жыл шамасында күтуге мәжбүр болатынын айтты.

«Асфальт, жол және балаларға арналған ойын алаңынын мәселесі бойынша күніне бірнеше хат келеді. Бәріне бірдей көмектесу мүмкін емес, дегенмен қолымнан келгенше проблеманы көтеруге және халыққа көмектесуге тырысамын,» деді актер.

Сонымен қатар, тікелей эфирден кейін, TedX форматында өткен кездесуде, экс-квншы және табысты кәсіпкер студенттердің алдында  болашақ жоспарларымен бөлісті. Ол Ақтауда өзінің киностудиясын ашып, көктемде алғашқы сериалды жарыққа шығармақшы.

Ал студенттер өз кезегінде ойларымен бөлісіп, сұрақтарына жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.