Комплаенс қызметінің қажеттілігі

0 8

Бүгінгі таңда Маңғыстау облысының 101 квазимемлекеттік сектор субъектісінде адалдық стандарттарының сақталуына бақылау жасайтын комплаенс қызметтері ашылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің негізгі миссиясы — ұйымның және оның қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету. Былайша айтқанда, аталған қызмет адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға сәйкес квази­мем­лекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жем­қор­л­ыққа қарсы комплаенс-қызметтердің міндеттерін орын­дайтын құрылымдық бөлімшелер болуы тиіс.

Қазіргі таңда өңірде аталған құрылымдық бөлімшелер мен жауапты тұлғалар бекітіліп, олардың функционалдық міндеттерін айқындау жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және еңбек ұжымдары арасында жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізіп жатқан департамент комплаенс қызметінің маңыздылығы туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарымен де айналысып келеді. Атап айтсақ, облыстағы түрлі салаға қатысты мамандармен 52 мекемеге комплаенс қызметінің артықшылықтары түсіндіріліп, семинарлар өтті.

Сондай-ақ, қазіргі таңда өркениетті мәдениет қалыптастыруға ықпал етуге «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнайгаз», «Ақтау теңіз сауда порты» сияқты ірі компаниялар да атсалысып, комплаенс бағдарламасына қолдау білдіріп отыр.

Айта кетейік, әлемдік озық тәжірибе негізінде құрылған комплаенс бөлімше немесе комплаенс қызметіне жауапты тұлға бірінші басшыға тікелей бағынып, есеп береді. Сондай-ақ, адалдық құндылықтарын нығайтуға бағытталған бұл қызметті енгізген әрбір мекеме қоғамның адал мүшесінің қатарына қосылады. Бұл, өз кезегінде, компанияның қоғамдағы беделін арттыруға көмектеседі.

Департамент тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға ықпал ететін комплаенс қызметінің маңыздылығы бағытындағы жүйелі жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.