«Antikor» орталығында Гүлмира Қалмұратованың қатысуымен тікелей эфир өтті

0 13

«Antikor» орталығында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың қатысуымен тікелей эфир өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған мүлдем төзбеушілікті дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған эфирде  Гүлмира Мұратқызы «Қазір танысың болмаса мәселе шеше алмайсың» деген пікірді мүлдем жою керектігін айтты.

«Қазір танысың болмаса мәселені шеше алмайсың деген пікір қалыптасқан. Біз осы стереотипті жоққа шығару үшін халыққа таныссыз да шешуге болатын мүмкіндіктерді көрсетуіміз керек деп ойлаймын. Ал, мәселе ақшасыз мүлдем шешілмей жатқанда біреу ұсыныс айтып немесе жемқорлық жасауға мәжбүрлейтін болса, әр адам бірден тосқауыл қоюы керек»,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, тікелей эфир қонағы қоғамдық бақылауды күшейтпей, жемқорлықты жеңу қиын деген пікірін білдірді.

«Бұрын мәселе туындаса, халық үнін газет бетіне басып айтатын. Ал қазір, цифрландыру құралдар мен ақпараттық жүйе дамуының арқасында қоғамдық проблемаға бақылау жиі жасалып отырады. Осы салалар дамыған сайын жемқорлықты ашықтықпен жеңуге болады деп ойлаймын,» деді Гүлмира Мұратқызы.

Сондай-ақ, эфир қонағы қоғамда сыбайлас жемқорлықты мүлдем төзбеушілік қасиетін қалыптастыру үшін іс-шаралар өткізілсе де, мәселенің өз күшін жоймағаны алаңдататынын айтты.

«Қазір алаяқтық көбейіп кеткенін байқаймын. Адамның әлсіздігін пайдаланып «Мен саған үй, көлік алып беремін, балаңды балабақшаға орналастырамын» деп, кейбір адамдарды қылмыс жасауға итермелейді. Содан кейін, алданған халық мемлекетке ашынады. Жемқорлықтан аулақ болып, заң бойынша әрекет еткен азаматқа мемлекет тарапынан бірнеше мүмкіндік пен көмек беріліп отыр. Сондықтан азаматтар өз мәселелерін заң шеңберінде шешсе екен дейміз,» деді Гүлмира Қалмұратова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.