ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №129 сайлау учаскесінде дауыс берді.
Дауыс беру рәсімінен кейін Ерлан Қарин бұл сайлаудың ел тарихындағы маңызды саяси оқиға екенін атап өтті.
— Бүгін біз мәні жағынан тарихи оқиғаның куәсі әрі қатысушысы болып отырмыз. Бұл – Қазақстан тарихындағы мүлдем жаңа заң шығарушы институт – Құрылтайға өткізіліп жатқан алғашқы сайлау. Құрылтайға сайлаудың маңыздылығы институционалдық жаңғыру мен түбегейлі жаңа саяси модельге көшуде жатыр, – деді.
Сондай-ақ президенттік реформалардың маңыздылығына тоқталды. Ең үлкен әрі маңызды өзгеріс мемлекеттік саясаттың мазмұнына қатысты екенін айтты.
— Президенттің реформалары қоғамдық процестерге жаңа серпін берді. Жаңа тұлғалар мен жаңа күштер бой көрсетіп, қоғамдық күн тәртібі өзгере бастады. Ауқымы мен қарқыны жағынан алғанда, бұл реформалар еліміз үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін де кейінгі онжылдықтардағы ең ауқымды жаңғыру үдерісі болып отыр, – деді Ерлан Қарин.
Айта кетейік, Токиода отандасымыз би бейнесінде дауыс берді.