Облыс аумағында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында төрт түлік мал саны жылдан жылға артып келеді. 2020 жылмен 2021 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда мал басы 10 пайызға көбейген , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мал санының ұлғаюынан оларға көрсетілетін ветеринариялық алдын алу және диагностикалық іс шаралар ауқымы да кеңеюде.
Жалпы облыс бойынша 11 ветеринариялық станциясы бар, оның 10 қызметтік ғимараттармен қамтылған.
Облыс көлемінде 160 ветеринариялық пункттер орналасқан,2020 жылы 103 ветеринариялық пункт қызметтік ғимаратпен қамтылса, 2021 жылы 28 ветеринариялық пункттерді ғимараттармен қамту жоспарланып, жоспарға сәйкес қазіргі уақытта 16 ветеринариялық пункттер қолданысқа берілді, 12 ветеринариялық пункттер жылдың соңына дейін қамтылады деп күтілуде (Жамбыл-1, Жуалы-3, Қордай-4, Меркі-1, Мойынқұм-1, Т.Рысқұлов-1, Шу-1). Қалған 29 ветеринариялық пункттерді қызметтік ғимаратпен қамту 2022 жылға жоспарлануда.
Аудандарда құрылған ветеринариялық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығында болуына байланысты ветеринариялық ақылы қызметтер көрсетуде. Бұл бағытта басқарма тарапынан ұсыныстар беріліп, әр аудандағы ветеринариялық станциялар мен пункттерде ветеринариялық клиникалар мен шалғай ауылдарда дәріханалар ұйымдастырылуда.
Ағымдағы жылы 135 ауылдық округтерде ветеринариялық дәріхана, 8 клиника жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Бүгінгі таңда облыс аумағында эпизоотиялық жағдай тұрақты.